ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін кезектен тыс президент сайлауында Шымкент қаласында “BAQYLA” қоғамдық қозғалысының тәуелсіз бақылаушылары жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 293 ашық сайлау учаскесі бар.
Біз осы сайлау учаскелерін толықтай бақылаушылармен қамтуға жұмыс жасаудамыз.
Қатарымыз күн санап артып келеді. Жиі кездесулер ұйымдастырып, дайындық жұмыстарын да жүргізіп келеміз.

Басты міндетіміз — сайлау кезінде әділдікті бақылау;
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 8 мобильді жетекшілеріміз бар.

Алдағы саяси науқанда ҚР азаматы ретінде сіздерден белсенділік күтеміз.
Ал, біз сайлаудың қалай өтуінің куәсі боламыз!

Республикалық “BAQYLA” қоғамдық қозғалысының Шымкент қаласындағы жетекшісі Азат Дидарбек