ТҮРКИЯ МЕН СИРИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21 МЫҢНАН АСТЫ
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің төртінші күні қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты.
Түркия вице-президенті Фуат Октай президент Режеп Тайып Ердоған «ғасыр апаты» деп атаған табиғи апаттан қаза тапқандар саны 17 674-ке, жараланғандар саны 72 879-ға жеткенін айтты.
Көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қаза тауып, қаза тапқандардың жалпы саны 21 051-ге жетті.
дереккөз: Tengrinews.kz.