ТҮРКІСТАНДЫҚ ДОЙБЫШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕЛЕРМЕН ОРАЛДЫ
Өзбекстанның Ташкент қаласында 64 шаршылы дойбыдан «Ташкент — 2023» Әлем Кубогы жоғары деңгейде өтті. Еліміздің намысын қорғап, олжалы оралған Түркістан облысының спортшылары 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Талантты жерлестеріміз Арман Абдулла мен Айбек Наралиев дойбы спортының классика түрінен күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ рапид сайысынан түркістандық спортшы Арман Абдулла мен Нұрасыл Құдайберген қола жүлдегер болды.
Бұл Әлем Кубогында дүниежүзінің танымал дойбышылары өзара бақтарын сынап, спорттағы достастықтарын нығайтып қайтты.