ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КАНАЛДАР ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету, суармалы алқаптардың тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүріп жатыр.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Түлкібас ауданындағы «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі каналдарға механикалық тазалу жұмыстары және каналдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Жыланды ауылынан өтетін «Қарабастау» каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың жалпы ұзындығы 2 шықырымды құрайды. Оның 1.5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. 150 үй орналасқан аталмыш каналдың бойында тиісті техникалар жұмыс істеуде.
Сондай-ақ Жаскешу ауылдық округіндегі «Шаулемес» каналының 500 метрі және 30 шаруа қожалығы орналасқан Жаскешудегі тағы бір каналдың 1 шақырым жері қоқыстан тазартылды. Осы механикалық тазалау жұмыстарына «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы тенгеріміндегі техникалары тартылды.
Түлкібаста жалпы саны 572 шақырымды құрайтын 111 су нысаны бар. Суармалы жер көлемі – 16832 га. Биыл ағын су лимиті – 43 856 мың м3, суғарылатын жер көлемі – 4028 га.