Түркістан облысының тұрғындары мен белсенді жастарының назарына!

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтері» жобасына қатысуға ниетті еріктілер арасында іріктеу өтетінін хабарлайды.
Жобаның басты мақсаты – облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік маңызды атаулы тауарлардың бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізу және облыс аумағындағы қаржылық алаяқтық деңгейінің төмендеуіне үлес қосу.
Жоба аясында волонтерлар  4 бағытта еріктілікпен шұғылдана алады:
— қоғамдық бақылау;
— экономикалық қауіпсіздікті зерттеулер және білім беру;
— pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
— корпоративтік еріктілік.
Жобаға қатысушылар арасында  3 деңгейлі іріктеу өтеді:
— Іріктеудің 1 кезеңінде үміткерлер IQ тест тапсырады;
— Іріктеудің 2 кезеңінде үміткерлер эссе жазады;
— Іріктеудің 3 кезеңінде үміткерлер өздері жайлы видеоролик түсіруі тиіс;
Егерде сіз жоғарыда аталған волонтерлік топтың мүшесі болғыңыз келсе төмендегі сілтемеге өтіп өз өтінішіңізді қалдыра аласыз!