ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ӘКІМ КУБОГЫ-2023»

Бүгін, Түркістан облысы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Мәдениет сарайы” ғимаратында, «25 қазан — Республика күніне» орай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Қазақстан КВН Одағының» РЖҚБ @jaidarman_production ұйымдастыруымен Түркістан облысы «ӘКІМ КУБОГЫ» үшін республикалық «JAIDARMAN» ойыны өтті.

Жайдарман сайысы – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған ойын түрі. Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды,-деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы

Қазіргі таңда біздің облысымызда 142 жайдарман командалары бар. Облыс көлемінде биылғы жылы жастардың қатысуымен 534 жайдарман ойыны өткізілді. Ал, бүгінгі киелі Түркістан төрінде ұйымдастырылып отырған шараға республикамыздың әрбір өңірлерінен келген, Жайдарман сайыстарында жоғары деңгейде ойын көрсетіп жүрген 10 команда Джеки ЧацРақ, ОЮ, Абырой, Бәрекелді кірпі, Талант Орал, Жуалы, MEDIUM, Қазалы, Эверест, Алатау SU командалары қатысты.

Республикамызға танымал жайдарманшылар арасындағы тартысты сайыстың нәтижесі бойынша

«ЖУАЛЫ»(Жамбыл облысы) командасы I орын — 1 000 000 тг

«Алатау SU»(Алматы қаласы) командасы ІІ орын — 700 000

«ЭВЕРЕСТ»(Алматы қаласы) командасы III орын- 500 000тн

Шын жүректен құттықтаймыз! Жайдарманның жайдары кештерінде көріскенше!