Түркістан: «Махаббат жаршысы» атты әдеби кеші өтті

27 қазан күні Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Әзілхан Нұршайықовтың 110 жылдығына орай «Махаббат жаршысы»  атты әдеби-аялдама кеші болып өтті. Әдеби аялдамада қонағымыз Балалар мен жасөспірімдер орталығының педагогтары  Жүсіпәлі Айнұр қатысып 25 қазан Республика күнімен құттықтап Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаянын қысқаша айтып өтті. Мектеп кітапханашысы Нишанова Наргиза апай Әзілхан Нұршайықовтың қыздарга және ұлдарға өсиеттерін айтып өтті.

Іс шара барысында оқырмандар  Республика күніне орай тақпақтарын мәнерлеп нақшына келтіріп айтса, биші қыздарымыз өзбекше билерін мың бұрала билеп берді. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Абдуманнапова Гулмира оқырманды кітап көрмесімен таныстырды.

Қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан жазушылардың бірі де бірегейі – Әзілхан Нұршайықов. Қай туындысын алып қарасаңыз да баяндалған оқиғалары тартымды. Кейіпкерлердің бейнелерін, мінез-құлықтарын беруде ерекше шеберлік бар.

Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.