ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БАУЫРҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Кентау қалалық орталық ауруханасында «бауырдың эхинококк кистасына» ота жасалды. Науқас «Бауырдың эхинококк кистасы» диагнозымен жоспарлы түрде Сауран ауданынан жолдамамен түсті. Жылына бұндай диагнозбен ауруханада 10-15 науқасқа ота жасалып тұрады.

Эхинококкоз — бұл бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдалуымен, дененің аллергиясымен және мүгедектікке ғана емес, өлімге де әкелетін өте ауыр асқынулармен сипатталатын созылмалы гельминтоз. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Осы жануардың жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.

Аурухананың біліктілігі жоғары дәрігері хирург Жәңгірхан Бимаханұлы және реаниматолог-анестезиолог Ержан Ысқақұлы отаны сәтті жасап шықты. Науқастың отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты.