ТҮРКІСТАН: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Бәйдібек ауданына қарасты Ағыбет ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Спорт кешенінің аумағы – 0,60 гектар. Жобаға сәйкес, нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады. Онда жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын бөлме, сондай-ақ, медпункт пен құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелер қарастырылған. Тұрақты жұмысқа 4 адам қамтылатын болады.
Құрылыс жұмыстарын осы жылдың қараша айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. «Есіркеп батыр» атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы мен бір бөлмесін пайдаланып жатқан ағыбеттік 100-ден аса жасөспірім осы жылдың соңында жаңадан іске қосылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады.
Ағыбет ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді!