Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Асхат Жұмағали бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарыболып қызме еткен.
Асхат Жұмағали — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.
Ол 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.