СПОРТ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы Шымкент қаласының Жол картасына енген әлеуметтік саланың бірі – спорт.  Ұрпақ саулығы – дене шынықтырудан басталады. Партия алдағы бесжылдықта тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай тартуды мақсат етіп отыр.

Бүгін Шымкент қалалық №18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан республикалық ашық турнирі басталды. Ұлы Отан соғысының батыры Ережепбай Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы жарыстың ашылуына мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Н.Бұхарбай қатысты.

— Шымкент тұрғындарының 28,6 пайызы жүйелі бұқаралық спортқа тартылған. Халықтың ұдайы көбеюіне байланысты спорт нысандары жетіспейді. Аулаларда бүлдіршіндерді спортқа баулуға жағдай жасаймыз, — деді Нұрғазы Бақтыбайұлы.

«Nur Otan» партиясының фракция мүшесі ретінде айтпағым бұл бағытта партияның қолдауымен мынадай нақты істер атқарылады.
2023-2024 жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 4 дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынады;
2021-2022 жылдары 6 стрит-воркаут және 73 спорт алаңдары ашылады (Абай ауданында – 30, Еңбекші ауданында – 6, Қаратау ауданында – 22, Әл-Фараби – 15);
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің филиалдары барлық шағын аудандарда ашылады;
2022 жылы Металлургтер стадионы қайта құрудан өтіп, көпсалалы спорттық кешен салынады;
2023 жылы Қажымұқан атындағы орталық стадион қайта құрудан өтеді;
Нәтижесінде қалада денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 28,6 пайыздан 33 пайызға дейін жеткізу жоспарда.