СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылындағы «Астана» саябағында жастармен жүздесті. Ауылдық округ жастары арасында кіші футболдан ұйымдастырылған жарыстың ашылуында сөз сөйледі. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен ауыл жастарына деген ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ аудан көлемінде спорт саласы бойынша қолға алынған ауқымды жобаларға тоқталып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалдарымен бірлесе саябақ ішіне шырша көшеттерін отырғызып, туған жерді жасыл желекке айналдыру осындай пайдалы жұмыстан басталатынын айтып өтті.
Айта кетейік, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақыттары мен спорт алаңшаларын тиімді пайдалану арқылы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарыста Жартытөбе ауылдық округінен құралған 8 команда өзара сайысқа түсуде. Жарыста жеңіске жеткен командаларға арнайы диплом, кубок, медаль мен сый-сияпаттар табысталатын болады.