Шымкенттік кезекші ХҚО сенбі күндері жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы 1 шілдеден бастап кезекші ХҚО жұмыс кестесін өзгертетінін хабарлайды.
Енді кезекші ХҚО мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, жұмыс күндері кезекші ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз істейді.
Қалалың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы арқылы да онлайн режимде алуға болады.

Кезекші ХҚО мекен-жайы:
Әл-Фараби аудандық, №1 бөлімі.
Жангелдин көшесі, 13 А