ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАРТУ БАРЫСЫН КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту барысын тексеру мақсатында Ұлағат шағынауданына барды. Қазір шағынаудан тұрғындарына кәріз жүйесін тарту мақсатында құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Ұзындығы 40,9 шақырым болған жүйе 2 248 абонентке лайықталған. Қазіргі таңда 18,3 шақырымға кәріз жүйесі жүргізіліп, жұмыстың 40 пайызы орындалған.

Өткен жылы құрылысы басталған нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қарашасына жоспарланып отыр. Құрылысты «Алемстрой-1» мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, шағынаудан ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Аумақтағы жалпы 53 көшенің 31-і асфалбтталған. 2022-2025 жылдар аралығанда 11 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Биыл шағынаудандарға кәріз жүйесін жеткізу үшін 14 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның 2-і магистралды кәріз коллекторы, біреуі кәріз сорғы станция (КНС) және 11 нысан елді мекендердің ішкі орамдық жүйесі. Жыл соңына дейін 6 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар қала әкімі Қаратау ауданындағы табиғи газ бен кәріз жүйесін тарту жұмыстары атқарылып жатқан Тассай тұрғын алабындағы инфрақұрылым жүйелерін тарту барысын көрді. Тассай тұрғын алабы ауыз су, мемлекеттік жүйедегі электр жарығы толық қамтыған.

Қазір елді мекенді кәріз жүйесімен қамту үшін «Сарыағаш  Аман» ЖШС мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжатына сәйкес, жүйенің жалпы ұзындығы 115,2 шақырым. Бүгінде 66,3 шақырымды құрайтын құбыр тартылып, жұмыстың 62 пайызы орындалған. Құрылысы 2021 жылы басталған нысан аяқталуы келер жылға өтпелі.

Тұрғын алабты толық көгілдір отынмен қамту  мақсатында «Ремстрой» ЖШС-і құрылыс жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Одан бөлек, өткен жылы 15 км топырақ жолдарға шағал тас төселген. 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соңы асфальттанады.

Ал Мирас шағынауданында 980 үй қоныстанған. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша орналасқан. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі сәтте кәріз жүйесін тарту құрылысы жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады.

Бүгінде құрылыстың 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр.  Құрылысын жүргізіп отырған «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС. Оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.  Айта кетсек, биыл қалада 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі