ШЫМКЕНТТІҢ КЕЙБІР ШАҒЫНАУДАНДАРЫНДА ЖАРЫҚ СӨНДІРІЛЕДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін 31 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін «Нұрсәт» шағынауданындағы №113-120,120а тұрғын үйлерінде «ЭлМо» мердігерлік ұйымының өтінімі бойынша электромонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үйлер электр қуатынынан уақытша ажыратылады.
Сондай-ақ, «ПССП» ЖШС мердігер ұйымының өтінімі негізінде трансформатор ауыстырылуына байланысты Байтұрсынов, Сапарбаев, Есенин, Мәделі қожа, Перогов, Рысқұлбеков, Кәдеев, Әлімбетов көшелерінде электр энергиясы өшіріледі.