ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӘСІБІ ДАМУДА

Шымкент қаласында қазіргі таңда 204 гектар болған 113 жылыжай кешені орналасқан, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде аумағы 71 гектар құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорт жасалады. Бүгінде қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.

Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді.

Туркияның алдынғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

Биыл ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 100 мың тоннаға жуықтайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары қаладағы егіс алқаптарында болып, шаруалардың тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Айтып өтейін биыл қалада жалпы 30,0 мың гектар жерге егін егіліп, өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 0,7 мың гектарға артты. (жоспар — 29,8 мың гектар).
Атап айтсақ дәнді-дақылдар-13,0 мың гектар, жүгері-0,1 мың гектар, майлы дақылдар-3,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар-9,6 мың гектар, картоп-0,4 мың гектар, көкөніс және бақша дақылдары-3,4 мың гектар.  Егіс көлемінен ағымдағы жылы 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.