ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 5 СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қалада статистикалық есеп бойынша 1075 спорттық нысан жұмыс жасауда. Оның ішінде дене шынықтыру және спорттық мәндегі — 520, білім мекемелерінде — 503, спорт мекемелерінде — 52. Жалпы спорт нысандарының — 149 жеке меншікте.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айында қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін демеуші есебінен Жаңа ипподром құрылысы мен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы, бюджет есебін «Металлург» стадионының, №12 спорт мектебінің қосымша корпусының, №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.