ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ СПОРТПЕН ЖҮЙЕЛІ ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР САНЫ 458 852 АДАМДЫ ҚҰРАДЫ

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны жалпы халықтың 50% -ын қамту көрсеткіші бекітілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 458 852 адамды, яғни, қала тұрғындарының 42%-ын құрады.
Сондай-ақ, 2022 жылғы жоспар бойынша мегаполис халықының 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 51%-ға жеткізу болатын, жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9 %-ға асыра орындалды.