ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және «Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту» бөлімінің ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік беру.

Жәрмеңке жұмыссыз жастардың санын азайтып, жұмыс іздеген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік. Қала тұрғындарына сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» , «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша ақылы жұмыстар да ұсынылып отыр. Сондай-ақ, іс-шара аясында жұмыс іздеушілерге жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі берілді.

Жұмыс іздеушілер өзі қалаған бос жұмыс орындарына түйіндемелерін тапсырып, жолдамаларын алды. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып отыратын болады.

Фото: Серік Қосаев