ШЫМКЕНТТЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТІ

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында үстел теннисінен ұлдар және қыздар арасында турнир өтті.

Турнирде жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп жастары өзара сайысқа түсті.

Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған жастар арнайы аудан әкімі алғыс хатымен және де сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік алдағы уақыттарда да үстел теннисінен турнирлер аудан аумағында өз жалғасын табатын болады.