ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ БАЛКОНЫ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

Шымкент қаласында үш қабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 14:50-де Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы балкон құлаған.

«Оқиға орнында Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары жұмыс атқарды. Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қарлар мен мұздарды түсіру жұмыстарын атқарды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», — делінген баспасөз хабарламасында.