ШЫМКЕНТТЕ «ROAD SHOW» ФОРМАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Білім беру саласын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды одан әрі ілгерілету мақсатында ағымдағы жылдың 14-15 наурыз аралығында Шымкент қаласында «Road Show» форматында ақпараттық акция өтуде.

Акция бағдарламасы студенттік жатақханалар мен жекеменшік мектептердің құрылысын мемлекеттік қолдау тетігіне арналған бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын қамтиды.
Сондай-ақ, акция бағдарламасында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (aqyl депозиті) және білім беру кредитіне кепілдік беру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі жоспарлануда.