ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА «КҮЙ КҮМБІРІ» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Бүгін қаладағы білім беру мекемелерінде балалар мен студент жастардың, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен домбыра тарту челленджі ұйымдастырылды.
Шығармашылық топ Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай» күйлерін орындады.
Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткен күй челенджіне қаладағы 2 мыңнан аса білім мекемесінен 21 мыңнан аса оқушы, студент, ұстаздар қатысты.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, бір уақытта күмбірлеген домбыра үні ұлтымызды ұлықтап, мерекелік ләззат сыйлады.