Шымкентте «Менің алғашқы дауысым» акциясы өтті

 

Акцияның мақсаты — 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге шақыру. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жастар арасында дәріптеу, түсіндіру.

Аталған акция барысында 𝗠𝗘𝗚𝗔 𝗣𝗟𝗔𝗡𝗘𝗧 сауда орталығында 18 жастағы азаматтардан сауалнама алынды.

Сонымен қатар халықтық коалиция белсенділері арнайы стикерлер мен сайлауалды бағдарламалар жазылған ақпараттық парақшаларды таратып, сауда орталығына келуші жастарды Президенттің кезектен тыс сайлауына қатысуға шақырды. Сондай — ақ жастар арнайы дайындалған атрибуттар жанында суреттерге түсті.

#Меніңалғашқыдауысым