ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАРЫСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСУДА

Бүгін жаңа Ипподром аумағынан ашылған ұлттық нақыштағы этноауылда Наурыз мерекесіне арналған «Great Qazaq Games» іс шарасы аясында ұлттық ойындардан жарыс өтуде. Мұнда 200-ге жуық киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылған.
Қазақ мәдениетін, рухани құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға жиналған жұртшылық көкпар, аударыспақ, бәйге, қазақ күресі, асық ату, жанбы ату және дәстүрлі садақ атудан сайысқа түскен 1 мыңға жуық спортшының өнерін тамашалауда.
Аламанға додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Манғолия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Иордания, Польша, Сауд Арабия, Түркия мемлекеттерінен 126 спортшы бақ сынасуда. Сайыпқырандар 3 күн бойы дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, теңге ілуден жарысады. Аударыспақ пен командалық көкпардан жарыс жолына шығып, ұлттық ойынның көркін қыздырады.