ШЫМКЕНТТЕ 2000-НАН АСТАМ ЖАСТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Шымкентте өткен жылы 2500 жас «Жастар практикасымен» жұмысқа жолданса олардың 1300-дейі тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сондай жастың бірі — Береке Бектұрған. Ол 2021 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ветеренариялық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өткен жылдың тамыз айында қалалық жұмыспен қамту орталығына келген оған “Жастар практикасы” бағдарламасымен Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты “Ветеренариялық қызмет” мекемесіне жолдама берілген. Төрт ай аталған мекемеде тәжірибе жинақтаған жас маман осы жылдың басында сол жерге тұрақты жұмысқа орналасқан. Айлығы 115 мың теңге шамасында. Бүгінде ол аталған мекеменің Сайрам тұрғын алабындағы бөлімшесінде оператор болып жұмыс істеуде.

-Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң біраз жұмыс іздедім. Сосын бір құрбымның кеңесі бойынша жұмыспен қамту орталығына жұмыссызбын деп тіркелдім. Тіркелген күннен бастап 3  күн өткен соң орталықтан жұмыс туралы түрлі ұысынтар түсе бастады. Мен осы жұмысты таңдадым. Жұмысым өзіме ұнайды. «Жастар практикасы» бағдарламасына алғысым шексіз. Барлық жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын- дейді Береке Бектұрған.

2022 жылы “Жастар практикасы” бағдарламасымен арқылы 2000-нан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Жылдың басынан 700-ден астам жасқа жолдама беріліп, олар тиісті жұмыстарын атқарып жүр.

“Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны саналады. Мерзімі — 12 ай. Оған 29 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020, 2021, 2022 ж.) жоғары оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынған.