ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мұхит Әбутәліпұлы қаламыздағы маңызды бірқатар жобалар мен 2024 жылға дейінгі даму көрсеткіштерін атап өткен болатын.

Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасының көрсеткіші 2022 жылы 55%-ды құраса, 2023 жылы 61%-ға өскен. Ал, өткен 2024 жылы бұл көрсеткіш 75%-ға жуықтаған. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7-бабының 63-5-тармақшасын іске асыру мақсатында енгізілген «Ақылды қала» эталондық стандартының әсерінен қаладағы сандық технологияларды дамыту мен енгізуге қатысты негізгі көрсеткіштерді байқатады. Әрине, бұл үрдіс тек қаланың инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын да арттыруға бағытталған.