ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН БЕС МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ҚАТАРЫНДА

2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы басталды. Пилоттық жоба ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілетін болады. Аталған пилоттық жобаға бес мемлекеттік орган енгізілді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ақмола облысының әкімдігінде, Шымкент қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде жүргізілетін болады.

Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу Агенттіктің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет — порталы арқылы жүргізіледі.