ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының 55 пайызы атқарылды.

Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.
Қазіргі таңда негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95% орындалды.
Биылғы жылдың мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысына ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.