«Үш бақытым» атты поэтикалық марафон болып өтті

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шы,армашылығын дәріптеу мақсатында «Үш бақытым» атты поэтикалық марафон болып өтті. Іс-шараның — кітапхананың жас оқырмандарына қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, мәртебесі биік ақиық ақын аталған Мұқали Мақатаевтың өмір жолымен және халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарды таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Поэтикалық марафонға кітапхана оқырмандары қатысып, ақынның жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқыды және поэтикалық марафон барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталды.

Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдыңда

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Иә, өмірін өлеңмен өрнектеп, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақиық ақын аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының Хантәңірі. Оның өлеңдері мен поэмалары, аудармалары қазақ әдебиетінің, поэзиясының биік шыңы десек, артық айтқандық емес. Биыл поэзия мұзбалағының туғанына 91 жыл толды. «Ақынның аты өлсе де, хаты өлмейді» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек, Мұқағали Мақатаевтың мұра етіп қалдырған өлең-жырлары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасы.

Сонымен қатар ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында №11 кітапхана-филиалы «Сіз ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз» атты поэзия кеші, №9  кітапхана-филиалы «Поэзия әлеміне саяхат» атты поэзия сағаты, №3 кітапхана-филиалы квест ойынын ұйымдастырды.

Ал, кітапхана оқырмандарының қатысуымен ақын, драмматург, туғанына 91 жыл толуына орай, іс-шараға қатысушы балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту мақсатында «Алтын заман» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.