САУРАНДА ”ЖАСТАР LIFE” ЖОБАСЫ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ескі Иқан ауылдық округінің жастары арасында «Жастар life» жобасы өткізілді.
Жастарға арналған бұл жобаның негізі мақсаты ауыл жастарының тыныс тіршілігімен танысу, белсенді жастардың ортасын қалыптастару, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттап қолдау білдіру, жастар саясатын қолдауға, және ерікті жастар санын көбейте отырып бірлесе жұмыс күшін көбейту болып табылады.
 Ескі Иқан ауылының белсенді жастары «Жастар Life» жобасына барлық сала бойынша белсенді түрде атсалысып, өздерінің жан-жақтылы өнерлері мен іскерліктерін, білімдерін, еңбекқорлықтарын аянбай көпшілікке паш етті.
Ескі Иқан ауылдық округі қазіргі заман талабына сай жаңғырған ауыл, жастары өте белсенді ауыл, дамыған ауыл деп мақтанышпен айтсақта болады.
Іс-шараға Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Д.Саитов,
Сауран ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж. Сайлау, Сауран ауданы Аналар алқасының төрайымы Н. Жұманова, Сауран аудандық мәслихат депутаты Х. Шарапов және Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Н.Жөргенбайұлы
қатысып жастармен еркін форматта пікір алмасып, жастарға сәттілік тіледі.
Өнерпаз жастарымыз өз-өнерлерімен тамсандыра би-билеп, әуелете ән шырқап, жастарымыз күй тартып көптің көңілінен шыға білді.
Жігіттеріміз болса ұмыт болып бара жатқан тоғыз құмалақ, арқан тартыс, асық ату, шахмат, теннис секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен дәріптей білді.
 Ақ жаулықты әжелеріміз қазақилығымызды таныта түсетін ұлттық құндылықтарымызды ауыл жастарының санасына сіңіру жолында әрі келешек ұрпаққа мұра ету мақсатында дәстүрлерімізді кереметтей жұмыстарын мәселен тоқыма тоқу, ұршық үйіру, нан жабу, күбі пісу, құрт жаю, кесте тоқу секілді дәстүрлерімізді жиналған қауымның назарына ұсынды.
Жеке кәсібін ашып шаруаларын жүргізіп отырған жастар, адал еңбектерінің нәтижесін көрсетті.
Жастарға қолдау білдіріп шараға белсенді түрде атсалысқан барша жанға ерекше алғыс білдіреміз.