САРЫАҒАШ: ЖАСТАР АРАСЫНДА «IQ BATTLE» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

«25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай, Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «IQ BATTLE» зияткерлік сайысы болып өтті.
Зияткерлік ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету.
Сайысты Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Н.Отаров ашып, елімізде жастардың білімді, қабілетті болуына әрдайым үлкен мән беріліп келеді. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына, «Мәңгілік ел» болуына жол сілтейді», — деп қатысушыларға сәттілік тілеп, әрқашан жастарды қолдайтынын жеткізді.
Білімділер сайысына аудан аумағындағы аудан жастары, әкімшілік және білім беру мекемелерінен 18 команда қатысып, мықтыны анықтады.
5 кезеңді қамтыған тартысты әрі қызықты өткен ойшылдар сайысында жүлделі
«Конина Power» командасы
«Шәкәрім жастары» командасы
«Алаш» командасы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Зияткерлік сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының мүшесі М.Асилов сайысқа қатысқан 18 команданы арнайы дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.