РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Бүгін қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысты.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары мен жастар жиылды. Жиналған көпшілік Әнұранды шырқап, көк Туымыз биікке көтерілді.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік Ту бір мезетте көтерілді. Қайта жаңғырған ұлттық мереке — Республика күні биыл екінші жыл қатарынан аталып өтуде. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Шымкент қаласында да өз деңгейінде тойлануда.