ОТЫРАРЛЫҚТАР БИДАЙ ЕГУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Соңғы жылдары таулы аймақтардағы мұз бен жауын-шашын деңгейінің төмендігінен өңірімізде ағын су жетіспеушілігі орын алуда. Отырар ауданының Қарғалы ауыл округіндегі дихандардың қауын, жүгері, жоңыршқа алқаптары ағын судан тапшылық көрді.

Осы жағдайларды ескере отырып, Отырар ауданының әкімдігі суды көп қажет етпейтін және ғылыммен негіздемесі нақтыланған өнім түрлерін өсіруді ұсынды.
Биыл отырарлық дихандар жаз айларында су тапшылығының салдарынан бос жатқан 160 га алқапқа түрен салып, күзгі бидай еккен болатын. Күз және көктемгі мезгілде мол ағын суды тиімді пайдаланған «Біржан-2» ЖШС, «Ақсақал», «Сағындық-М», «Әшірбай» шаруа қожалықтары аңқасы кепкен даланы жасыл желекке бөлеп, мол өнім алуды көздеуде. Қазіргі таңда техникалардың дайындығын пысықтаған дихандар өнімді алдағы 1 ай көлемінде егінді толық жинап бітірмек.
Тың тәжірибеге аудандағы өзге ауыл округтерінің дихандары қызығушылық танытса, мамандар бұл жобаның су тапшылығын жоюдың ең тиімді әдісі ретінде бағалап отыр.