ОТЫРАРДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының ұйымдастыруымен, облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан Сейтжанов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров, партия атынан сайланған Балтакөл ауыл округінің әкімі Сейтхан Ателов Балтакөл елді мекеніндегі «Алға-БАМ» тары өңдеу цехының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзіне айналған кәсіпті дамыту жайын талқылады.
Балтакөл ауылы тары өсірумен атақты. Солардың бірі – «Алға -БАМ» тары өңдеу цехы. Отырарлық Ерасыл Жүрербек 500 шаршы метр жерді құрайтын тары өңдеу цехында, нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп келеді. Тәулігіне 5000-5500 килограммға жуық тары өңдейтін кәсіпкерлік нысанда жергілікті 8 адам және цехқа дейінгі дайындау жұмыстарында 15ке жуық азамат жұмыспен қамтылған.Кәсіпкер өз кәсібін жандандыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Ырыс» МҚҰ-нан 20 млн. теңге қаржы алып, өндіріс көлемін арттыру мақсатында цех ғимаратын одан әрі кеңейтті.
Қолда бар өнімді барлық қала мен шалғай елді мекендерге тарату мақсатында құны 12 млн болатын дозаторлық қаптау жабдықтарын орнатты.Алдағы уақытта «TARY ONIMDERY». деген брендпен 10 ға жуық тарыдан жасалатын өнімжерді дүкен сөрелеріне жеткізуді мақсат етіп отыр.Бұдан бөлек, тарыдан қалдықтарын құрама жем ретінде пайдаланып, мал бордақылауды жандандыруды да көздеп отыр.
Партия мүшелері, жас болса да алдына мақсат қойып табысқа жетіп отырған жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.