ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов,аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме мен бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібіне Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №23/125-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Отырар ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы, Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы, Отырар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселелер енгізіліп, қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда депуттаттар бірауыздан қолдау білдіріп тиісті шешімдер қабылданды.
Кезектен тыс сессия барысында аудан әкімі Сәкен Асылханұлы аймақтағы газдандыру жұмыстары мен ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары қарқын алып келе жатқанын айтып, депутаттық корпусты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.