Отбасы – қоғамның іргетасы

Қоғамның маңызды бөлшегі, ұлт тірегі отбасы құндылығы қашанда алдыңғы орында. Отбасы мемлекет пен қоғамның іргетасы болып табылады. Қашанда тәртіппен заң өзгерсе де отбасылық құндылықтар өзгермейді. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатыны да белгілі. Осыған орай, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де аудандық пробация есебінде тұратын жас отбасылармен «Қоғамдағы отбасы институтының рөлі» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» маманы А.Рысқұлбек ашып, іс-шараның мақсатымен таныстырды.
– Отбасы туралы ұғымдарды, отбасындағы тәрбиенің рөлі, отбасы құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту,- деді ол. Сонымен қатар, арнайы шақырылған психолог мамандар отбасындағы тәрбиенің рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беріп, қатысушылармен тренинг ұйымдастырды.