«OPEN CUP SARYAGASH» ІІ-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАУ АЛДЫ

Сарыағаш ауданында дене шынықтыру сауықтыру кешенінде дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында «OPEN CUP SARYAGASH» ІІ-Республикалық турнирі бастау алды. Боз кілемдегі тартыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып,жас споршыларға сәттілік тіледі.
-Жас спортшылар, спорт сүйер қауым, Мемлекет басшысы Қасым Жомартұлы Тоқаевтың бастауымен бұқаралық спортты насиһаттау мақсатында ауданымызда бірнеше іс-шаралар қарқынды жүруде.Турнирдің барша қатысушыларына сәттілік тілеймін,- деп сөз тізгінін алды.
Сонымен қатар, спорт ардагері ауданның құрметті азаматы М.Асилов,аудандық мәслихат депутаты Бекназаров Е. және турнирдің бас төрешісі С.Сапишев жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«OPEN CUP SARYAGASH» ІІ-Республикалық турниріне 2 жас ерекшелік бойынша, атап айтқанда 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер қатысуда.
Турнирге еліміздің түкпірінен,сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан келген жалпы 750 балуан боз кілемде күш сынасады. «OPEN CUP SARYAGASH» ІІ-Республикалық турнирі ауданымызда 26-27 қазан аралығында өтеді.