NATIONAL GEOGRAPHIC: Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру жобасы іске асырылады

Елімізде NATIONAL GEOGRAPHIC ресурстарының көмегімен оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру жобасы жүргізіліп жатыр. Kazmedia Holding ЖШС орындайтын бұл жоба БҚО, Алматы мен Астанада жүзеге асырылады. Жобаның бас серіктесі – Chevron компаниясы.
Бұл жобаның басты мақсаты – қазақ тіліндегі контенттің жетіспеушілігін шешу. Тиісінше, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын интерактивті семинарлар өткізу арқылы арттырады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасына қолдау көрсетіп, мектептердегі кітапхана қорын жаңартуға үлес қосады.
Айта кетсек, ұстаздарға арналған семинарлар National Geographic ресурстарын сабақ барысында қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндіруге бағытталса, оқушыларға арналған семинарлар олардың ғылым-білімге деген қызығушылын ояту мақсатында іске асырылады.