Нұрғазы Бұхарбай  —  «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қала дәріханаларына тексеріс жүргізді

Шымкентте дәрі-дәрмек бағасы үнемі бақылауда. Қала дәріханаларына тексеріс жүргізген «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы өкілдері дәрі бағасын жариялы көрсету керек, деп есептейді. Нұротандықтармен бірге партиялық бақылау комиссиясы, сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары да бірге жүрді.

Абай ауданының аумағындағы дәріханаларға тексеріс жүргізген бақылау тобы алдымен халық көп тұтынатын 10 дәрі сұрастырды. Олардың барлығы бірдей бір дәріханадан табыла қойған жоқ. Дегенмен, олардың орнын алмастыратын препараттар жеткілікті дейді фармацевт мамандар.

Мұратәлі Қалмұратов – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары   

Нұротандықтар белгіленген дәрі бағасын жариялы түрде көрсету керек деп есептейді. Сонда ғана дәрі бизнесіндегі сыбайластықтың жолы кесіліп, тұрақсыздықтың тамырына балта шабылатындығын айтады. Ашықтықтың аясында халыққа қызмет көрсетуде, біршама жеңілдейді деген үміт бар.

Нұрғазы Бұхарбай  —  «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы   

Бүгінгі мониторинг барысында дәрі-дәрмектің белгіленген шекті бағадан қымбат сату жағдайы тіркелмеді. Сондай-ақ, дәріхана алдындағы ұзын-сонар кезек те жойылған. Алайда, тұтынушылардан гөрі дәріхана қызметкерлерінің сақтық шараларына салғырт қарап отырғандары қынжылтады. Босаңсығандарға бақылау тобы бұл жолы ескерту жасады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.