«МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ТУЫМ» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ


«25-қазан Республика күні» мерекесіне орай «Менің елім, менің туым!» экоакциясы аясында Сауран ауданында жаппай сенбілік өтті. Сенбілік аудан аумағындағы 12 ауылдық округімен аудан орталығында ұйымдастырылып, барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері белгіленген аумағын тазалады.
Тазалық күнінде 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, оған 5 техника жұмылдырылып, шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді. Экоакцияға жалпы 430-ға жуық адам қатысты.
Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті. Сауран ауданы халқының айтуынша экоакция аясындағы сенбілік