МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «АДАМДАР ЕҢ АЛДЫМЕН» АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Ш.Сұлтанхан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ә.Нысанбаев аудан әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар өткізді.
Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.
Оқытудың ең басты мақсаты — халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру.
Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.