МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ
2022 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Желтоқсан айында мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету жөнінде Заң қабылданды.
Аталған Заңды іске асыру мақсатында ақпан айында Агенттіктің бұйрығымен Мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау үшін оқу нәтижелері белгіленді.
Осылайша, тиісті оқу нәтижесі 3,33 GPA, яғни дәстүрлі жүйе бойынша «жақсы» деген көрсеткіш, немесе 100-баллдық жүйе бойынша 85-89 деңгейінде бекітілді.