Мемлекет басшысы Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі», — делінген хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев 1 миллион доллар бөлуді тапсырған. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың өздері ақша жинап, көмек жіберіп отырды. Түркия елшілігінің мәліметіне сәйкес, үш күннің ішінде бір миллион доллардан астам қаржы жиналды. Ал жалпы сомасы 2,8 миллионға жетті. Барлық ақша AFAD қорына аударылды.
дереккөз: Sputnik Қазақстан.