Медбике – мерейлі мамандық
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетумен елді мекендердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуде шын мәнісінде әлеуетті мүмкіндігі мол мамандық – медбике мамандығы. Бүгінгі күні жоғары білімді медбикелерді дайындау – денсаулық сақтау саласының өзекті де маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Еңбек нарығы, жалпы алғанда, медбикелік ісінде – ойлау, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әлеуметтік және кәсіптік белсенді, мобильді және бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етеді. Дегенмен, осы сала кадрларын жоспарлау – әлі шешімін таппаған істердің бірі. Сонымен қатар, қазіргі кездегі отандық білім беру жүйесінде медбикелік ісі менеджерлерінің жоқтығы маңызды мәселе болып отыр.
Арнайы педагогикалық дайындығы бар, жоғары білімді медбикелердің жоқтығы да маңызды мәселе күйінде қалуда. Медбикелерге білім беруге жоғары дәрігерлік білімі бар мамандар тартылуы тиіс. Олар жоғары сатылы медбикелік білім болып табылатын арнайы даярлықтан өтсе, біріншіден, медбике ісінің кәсіптік дәрежесі мен танымалдығы кеңейтіледі, екіншіден, дәрігерлік және медбикелік қызметтің нақты бөлінуі қарастырылады. Еліміздегі медбике дайындаудағы мәселелерді ескере отырып, 2011-2015 жылдардағы денсаулық сақтауды дамытуда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ережелеріне сәйкес, оларды жоғары медбикелік білім алғанға дейін, үш деңгейлі жүйені қамтитын үздіксіз білім беру жүйесімен оқыту керек.
Бірінші деңгей – мамандарды даярлау колледжде жүзеге асады. Онда жалпы оқу мерзімі қамтитын үш саты қарастырылады. Алғашқы саты – науқастарға қарайтын медбикелер – дипломы бар медбикелердің қарамағында тәжірибе жинауы тиіс. Олар науқасқа медициналық күтім жасайды, жеңіл бақылауларды орындайды. Екінші саты – медбикелерді жалпы тәжірибеде даярлау, ол емдеу-профилактикалық қауымдастыққа бағытталған медициналық білімнің базалық жүйесіне кіреді. Үшінші саты – денсаулық сақтау ісінің әртүрлі салаларында жұмыс істеуге мамандандырылған, аумақтық ерекшеліктерін есептей отырып және білім беру мекемелерінің тапсырысы бойынша медбикелерді даярлау алтыншы семестрде жүзеге асырылады. Аталған саты жоғары медбикелік білім алуға және екінші, үшінші сатыдағы академиялық дәрежелерді иемденуге, медбикелік білім алуды одан әрі жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Бұл мамандарға медициналық көмек көрсетуде үлкен рөл атқарады, олардың қызметтері мамандандырылып, бұрын тек қана дәрігерлер атқарып жүрген тапсырмаларды орындайды, сондай-ақ, науқастың жағдайына қатысты жүргізіліп жатқан емдеу үдерісінің үлгісіне араласа алады, өзінің кәсіптік деңгейінде шешім қабылдай алады, медбикелік қорытынды (диагноз) шығара алады, тиесілі тағайындаулар жасай алады, т.б.
Екінші деңгей – жоғары медбикелік білім – медбике ісінің бакалавры (төрт жылдық оқу мерзімі), яғни медбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметін атқара алатын, ФАП меңгерушілерді, оқытушыларды, емдеу-профилактикалық бөлімдердің және медициналық колледждердің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерін басқара алатын медбике ісінің менеджерлерін даярлау. Бұл деңгейде білім алуға жалпы орта білім беру мектептері мен медициналық колледж түлектері түсе алады. Жоғары білімді медбикелерді даярлау жоғары оқу орындарында іске асырылады (Академия, институт).
ЖОО-дан кейінгі үш деңгейлі білімге сәйкес, олар да магистратура және докторантурада оқу жалғастыра алады. Осы деңгейлерді тәмамдаған мамандар медбике ісі аясында ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық ісімен айналысуына болады. Аталған медбике ісіне маман даярлау үлгісі денсаулық сақтау аясындағы көптеген әлеуметтік-экономикалық тапсырмалардың шешілуіне жол береді және мынадай алғышарттар алдан шығады:
– жаңа технологияларды игерген, алғашқы мамандандырылған медико-санитарлық көмек көрсетуде өзіндік шешім қабылдай алатын медбике мамандары;
– қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, менеджерлер, медбике ісін жетік меңгергендер;
– жаңа ұрпақ мамандары, медбике ісі аясындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу ісіне негізделген жоғары білімді медбикелер.
Кейіпкер: Аташева Нұриза Сатыбалықызы 1962 жыпы Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, Түркістан медициналық колледжіне оқуға түсіп, 1982 жылы колледжді бітірген. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап осы Шорнақ ауылындағы емханаға орналасқан, 41 жылдық еңбек өтілі бар, жақында зейнетке шығады. Емханада медбике қызметін аткарады.
Бұл салаға өзінің қызығушылығымен келген, жас кізінен дәрігер болуды армандаған, бас дәрігер болып жұмыс істемесе де, медбике болып қызмет етіп келе жатқанына 40 жылдың жүзі болған. Өз ауылында орналасқан емханаға жұмысқа тұрған кезінде, ол жақта кадрлар тапшы болған, медициналық кұралдар болмаған, техникалық жағыда нашар болған, бірақ қазір заман ағымымен бір сарында жүзіп келе жаткан бұл емханада кадрлар тапшылығы жоқ, техникалық жағыда жақсы!
Кейіпкеріміздің сөздеріне сенетін болсақ, ол кісі өз мамандығын жақсы көреді. Бұл мамандықтың қызығы мен қиындығы катар көрген жан. Ұстазы Салтанат апай болған, сол кісіден көп нәрсені үйренген. Қалай укол салу керек, қан алу жолдарын, бәрін терең үйреткен. Солардың арқасында нанын тауып, пациенттерінің көңілінен шығып жүрген медбике.
Енді осы мамандыққа келетін жас талапкерлерге өз кеңестерін беріп өтті7Бұл салаға келетін талапкерлердің бойында табандылық, шыдамдылық, шапшаңдық және сабырлылық сынды қасиеттер болуы тиіс. Соларды ұштастыра отырып, білім нәрімен сусындаса, болашақта мықты маман болары сөзсіз!Ал, казіргі таңдағы медицина саласына көзкарасы-өте жақсы! Бүгінгі күнде технология дамыды, жастарымыз жан-жакты білім алып, шетелдерге шығып, әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Дауасы жок дерттерді тереңірек зерттеп, солардың емін тауып, саламыздың өркендеуіне үлкен үлес қосып жатыр. Осылай жалғаса беретін болса, бұл мамандықтың мәртебесі арта береді, мемлекетімізде дені сау ұрпактар туыла береді дейді, бүгінгі кейіпкеріміз! |