“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды

Түркістан облысы Отырар ауданында «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатындағы оқу семинарын бастады.
Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде бастау алды. Жобаға 130-дан аса тұрғынды қатыстыру жоспарлануда.
Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Оқу семинарының ашылуына «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров,, жоба сарапшысы Дулат Мыңбаев қатысты.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Дулат Мыңбаев жүргізеді.
— Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, — деді Дулат Мыңбаев.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алатын болады.
Айта кетейік 13 қарашадан басталған оқу үш аптаға дейін жалғасын табатын болады, Сонымен қатар, ауданның 3 округінде тегін курс оқулары ұйымдастырылған.