Мамандықтың жаманы жоқ бірақ оның кез-келгеніне икемділік қажет

Біздің қоғамда пәленшенің жұмысы жақсы, түгеншенің мамандығы мәнсіз деушілер көп. Өз ісінен ләззат алып, сүйсініп істейтіндердің саны сирек. Өзім де жұмысыма деген құлшынысты тудыру үшін себепті әр нәрседен іздедім. Сөйтсем, Стив Джобс айтқандай өзгеріс (ол әлемді өзгертуді қалады және мақсатына жетті) керек екен, дүйсенбіде спортзалға барамын, келесі айдан бастап, пайдалы іспен айналысамын деген глобалдық өзгеріс емес, жай ғана жұмыста жүрген өзіңді өзгерту…Адам белгілі бір жұмыс орында жүргенде көбіне маған ештеңенің қатысы жоқ, барлық шаруаны шеф шешеді деп сол жалақысын алып жүре беруге дағдыланған. Онысы да дұрыс, себебі біздің елде көбіне “инициатива наказуема” демекші, бірдеңені бастап, бүлдіріп қойсаң, бастамаңды жазалауға бастық барын салады.

 

Әсілі, жаман жұмыс жоқ, жаман жұмысы көп. Көшедегі аула сыпырушы да өз жұмысын сүйсініп істесе, оның өмірі мәнді де сәнді болар еді. Бүгінгі жазба кейіпкері Фред деген жігіт болмақ. Ол бір үлкен кәсіпкер немесе дарынды жазушы емес, жай пошташы болған. Бір қарағанда қазаққа “барып кел, шауып кел” жұмыс көрінгенімен, Фред өз ісі арқылы жұртқа қуаныш сыйлауды мақсат жасайды.

Мартин Лютер Кинг:

“Адамның маңдайына көше сыпырушы деп жазылған болса, ол –Микеланджело сурет салғандай, Бетховен музыка шығарғандай, Шекспир сонетті жазғандай беріліп, барын салып, көшені сыпырар болса, бүкіл аспан және жер әлемі “Мінекей, қарашы, қандай керемет аула сыпырушы, өз жұмысын керемет істейді”

Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.

Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Мамандық таңдауда ата-аналар, туыстар мұғалімдер және таныс адамдар көмек көрсете алады. Бірақ әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін жақсы біледі.

Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.

Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.

Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:

– Беделді кәсіптердің жетегінде кету;

– Ата-анасы үшін мамандық таңдау;

– Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;

– Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;

– Басқалар не таңдаса, соны таңдау;

– Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;

– «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.

Қазірде тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан Кеңес өкіметі кезінде совхоздар мен колхоздардағы түрлі фермаларда 20-30 мың бас қой, мыңдаған бас сиыр, жылқы өсірілген еді. Әрбір аудандағы шаруашылықтарда, оның бөлімдерінде білікті мал дәрігерлері жұмыс істеді. Олар ел аралап жүріп малдың ауруға шалдықпауын қатты қадағалады. Бұрынғы мен қазіргі жағдайды салыстырсақ, бүгінгі күні малдың сау болуы ең алдымен сол малдың иесін алаңдатады. Кеңес өкіметі тұсында мал мемлекеттің меншігінде болды. Ал қазір мал халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізіледі. Бүгінгі кейіпкеріміз дәл осы саланың машақатын сезініп нәпәқасын тауып жүрген Жандарбек Саргалтай Мүсілімұлы

1989 жылы Сауран ауданы Жібек жолы ауылында  дүниеге келген. 2013 жылда Түркістан қаласы “Түркістан Ахмет Ясауи” колледжінде ветеринария саласы бойынша оқыған. Сауран жалпы орта мектебінде білім алған. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-не ветмедицина мамандығына оқуға түседі, универсиетті сәтті тәмәмдап, 2021-2022 жылда Жібек жолы ауылында жұмысын бастайды. Бұл салада жұмыс істегеніне 3 жыл болған.  Бұл мамандыққа өз қалауымен келген, әке жолын қуған. Бұл салаға келгелі бері өкінген кезі болмаған.

«Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиын¬дықты жеңбек». Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан тура жеті жыл бұрын жарық көрген «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын осы сөздермен бастаған еді. Қоғамның қазіргі қажеттіліктерін арқау етіп, әрбір қазақстандықтың көкейіндегі ойын дөп басқан бұл бағдарламаның уақыт өткен сайын өзектілігі артып отыр.

Ата-бабамыз еңбектің маңызын жете сезініп, өмірден алынған талай мақал-мәтелдерді ұрпақ тәрбиесіне арқау еткен. Оларды балалары мен немерелерінің құлағына құйып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымызда «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек – ерлікке жеткізеді, ерлік – елдікке жеткізеді», «Ең¬бегі аздың – өнбегі аз, еңбегі көптің – өн¬бегі көп» деген дана сөздер бар. «Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан қирап тұрады» деген керемет мақал да бар. Шынында да, еріншек адамның ұйқысы қанбай, үнемі шаршап тұратыны және өзінен басқаға өкпелеп жүретіні белгілі.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы:

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен қайратың екі жақтап…» – деген. Бүгінгі заманға сәйкестендіріп ай¬тар болсақ, бұл жерде ақын өзіңнің күш-қайратың, ерен еңбегің және ақылың мен бі¬лімің қиындықтың қыспағынан алып шы¬ғатын бірден-бір жол екенін нұсқап тұр.

Қазір нағыз еңбек ететін заман келді. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысқан адам¬ның бағы жанып тұр. Мал бағып, егін еккен жанның адал еңбегі өзін де, елін де асырайды.

Әрине әр мамандықтың қызығы мен шыжығы қатар жүреді, жұмыс істеу барысында біраз келеңсіз оқиғаларда болып тұрады. Бірақ шыдамдылығының арқасында жақсы жетістікке жетіп жатыр тәжірибе жинауда. Мал тілдесе алмағаннан кейін, дертін анықтау, оны емдеу қиындау. Егер сараптама нәтижесі дұрыс анықталмаса, жануардың өміріне қауіп төнеді. Сол себепті мұқият мән беріп, бұл мамандықты жауапкершілікпен атқару өте маңызды деді, Жандарбек мырза!

Кейіпкеріміздің бір күні қалай өтеді? Таңертең сағат 9 да жұмыс басталады. Әркім өз жұмысына кірісіп кетеді. Жандарбек мырза бас дәрігер қызметін атқарады. Әр жұмысшының баратын және қарайтын аймақтары болады, соларға жауап береді, хабардар болып отырады. Шұғыл түрде біреудің малы немесе қойы ауырып қалса, сол жаққа барады. Мекеме басшысы ауданаралық, облыстық жиналыстарға қатысады, жыл сайын есеп беріп отырады.

Жандарбек мқрза: Қазіргі таңда осы салаға мамандар тапшы. Біздің артымыздан еретін інілеріміз бен қарындастарымызға жауапкершілікті терең сезініп, шыдамды болып оқуы керек, адал еңбек етсе, нәтижесін көреді!