МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті. Инвесторлар денсаулық сақтау, құрылыс салалары мен жеңіл өнеркәсіп пен сауда-саттықты дамытуға бағытталған 10 жобаны таныстырды. Басқосуда инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асырудағы өзекті мәселелер талқыланды.
Қала басшысы жауаптыларға жер телімдерін бөлу, сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл ретте бюрократиялық кедергілерді жойып, кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайдың жасалуын қадағалауды ескертті.