«Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кеш өткізді

Түркістан қалалық №8 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен жазушы Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кеш өткізді.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра калдырды. Ғабит Мүсірепов көзінің тірісінде-ақ аса дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық шеберлігімен халкының зор құрметіне бөленген болатын. Жазушының шын өмірі өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады. Сөз зергері атанған Ғ. Мүсіреповтің інжу-маржандай кұлпырған көркем шығармалары қазірде окырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде; өмірдің кұпияларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда; жүректерге жалын, рухани куат беріп жарқын болашақтарға бастауда; эстетикалык ләззат кұйып, адамдардың бакытты өмір сүруіне көмектесуде. XXI ғасырға қадам басқан қазақ әдебиетін Ғ.Мүсіреповсіз көзге елестету қиын.

Түркістан қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен кешке Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының  кітапханашылары Жайықбаева Алтынай, Спанова Патима жазушының шығармашылығына тоқталып өтті. Оқырмандар Төремұратқызы Шұғыла, Өсербай Айғаныс, Махамбет Гүлсезім, Әзімханқызы Аружан, Жұмабай Жансезім, Тәңірберген Ақдидар қатысып, жыр шумақтарын арнады. Мақсаты оқырмандарға қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу. «Көркем сөздің зергері» тақырыбында кітап көрмесіне таныстырылым жасалды.

Сонымен қатар №5 кітапхана-филиалы «Сөз зергері» атты кітап көрмесі, орталық кітапхана «Ойы зерек, қаламы жүйрік» атты әдеби талдау, №6 кітапхана-филиалы «Артымда  қалсын  сөзім  деп…»  атты  әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.