Үлкен қалаларда тұрған неге қауіпті — ғалымдар зерттеуі

Үлкен қалаларда тұратындар ауылда өмір сүретіндерге қарағанда тері ауруларымен жиі шалдығады. Мұндай тұжырымды Оңтүстік Кореядағы бірнеше ғылыми зертхананың ғалымдары жасады, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін ғалымдар тері ауруларына ауаның ластануы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған келген еді. Алайда бұл мәселе соңына дейін зерттелмеген болатын.

Ғалымдар Қытайдың бес қаласында тұратын 231 әйелден анализ алған. Үшеуі үлкен қала саналса, қалған екеуі — мегаполис.

Зерттеу барысында үлкен қалаларда тұратындарға қарағанда мегаполис тұрғындарының терісінде микроорганизм анағұрлым аз екені анықталды. Тиісінше, ұсақ ағза теріде көп болған сайын, дерматитпен ауыру қатері де төмен болады.

Дерек көзі: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *